Шалқардағы жерлестер форумы моланың жанында өтіп жатыр - актер Ерболат Төлеген наразылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шалқардағы жерлестер форумы моланың жанында өтіп жатыр - актер Ерболат Төлеген наразылық танытты

Шалқардағы жерлестер форумы моланың жанында өтіп жатыр - актер Ерболат Төлеген наразылық танытты

Актері Ерболат Төлеген Шалқар ауданында өтіп жатқан «Шұғыла Шалқарым» жерлестер форумының ұйымдастырушылары мен сол жерге барған әншілерге деген назын білдірді. Оның пайымдауынша, концерт дәл бейіттің жанында өтіп жатыр.

  • 24 Мамыр 2018
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл турал  Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.

«Құрметті жерлестер, той құтты болсын! Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүбірлі той болып жатыр дейді, тойларыңыз тойға ұлассын, әкімшіліктегі ағалар… Жерлестер форумы деген аты болмаса, бірде-бір жерлесті көріп тұрғаным жоқ. Ол аздай, гала-концерт Шалқарда бейіттің қасында өтіп жатыр дейді. Бұл не сұмдық? Әкімшілік пен ұйымдастырушылар тарапы қайда қарап отыр? Мен мұны неге айтып отырмын, естуімше тұрғындар наразылық танытуда. Сол жерде туылып, өсіп-өнген мен де (қазір Алматыда тұрсам да) қарсымын. Себебі сол қорымда менің атам, әжем және әкем жатыр. Шалқар үшін тер төккен қаншама ата-бабаларымыз жерленген. Марқұмдардың жатқан жерлері жайлы болсын», – деп жазады актер
 

Оқи отырыңыз:

Атырауда жол апатынан жүргізуші қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілді

Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды

Бүгін әлемді аузына қаратқан Димаштың туған күні
 

Соңғы жаңалықтар