Оның айтуынша, бұл ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 410-бабының 2-тармағына сәйкес аппеляциялық инстанция соты куәгерді тек сот отырысының хаттамасында осы куәгердің бұрын берген жауаптары түсініксіз жазылса және әртүрлі мағынада айтылатын болса ғана қайта сұрауға құқылы болуымен байланысты.
«Шаңырақ» ықшамауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер жөніндегі іс бойынша мұндай қажеттілік туындамады», — деп сендіруге тырысты Жоғарғы сот өкілі. «Алматы қалалық сотының отырысында оған қандай да бір қысым көрсетусіз жасалған аталмыш куәгердің жауаптары сот отырысының хаттамасында түсінікті, егжей-тегжейлі, қос мағынасыз жазылған. Олар оның алдындағы жауаптарына және аса ауыр қылмыстың куәгерлері ісі бойынша басқа да көптеген сұралғандардың жауаптарына сәйкес келеді», — деп түсіндірді ол өз ұстанымын.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, егер куәгер Ибрагимов алдын ала тергеу және негізгі сот отырыстары кезіндегі өзінің берген жауаптарын толығымен өзгерткісі келсе және іс бойынша жаңа жағдайлар жөнінде мәлімдегісі келсе, оның сұраққа алынуы жөнінде өтініш беріп отырған жақ осындай өтінішпен жаңадан ашылған жағдайлар бойынша іс қозғау үшін прокуратура органдарына шағымдануға құқылы. «Заңға сәйкес, жаңадан ашылған жағдайларға сәйкес іс қозғау құқығы прокурорға тиесілі», — деп толықтырды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті