Жарияланды: 420

Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Ташкентте бас қосады

4-5 - қыркүйекте Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының сыртқы істер министрлері Ташкентте бас қосады. Министрлер Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының Мәскеу саммиті шешімдерінің орындалу барысы және Ұйымға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары Кеңесінің отырысына дайындық мәселелерін пысықтайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ СІМ-нің ақпарат және баспасөз департаментінің

хабарламасынан мәлім болды. Министрлер бас қосуының күн тәртібінде Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының Пекиндегі хатшылығы мен Ұйымның Ташкенттегі лаңкестікпен күрес жөніндегі аймақтық құрылымының іске кірісуіне қатысты, сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының 2003-жылғы 29-мамырда өткен Мәскеу саммиті шешімдерінің орындалу барысына, ұйымға мүше елдер үкімет басшылары кеңесінің қыркүйек айының соңында Пекинде өтетін отырысына дайындық жұмыстарының барысына қатысты мәселелер сарапқа салынады. Министрлер сондай-ақ, аймақ пен дүниежүзіндегі саяси ахуалға және БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы 58-сессиясына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде де пікір алмасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть