Зертханадағылардың хабарлауынша, Virus.Win32.Gpcode.ak — шантаж жасайтын жаңа Gpcode атты вирустың соңғы үлгісі. «Gpcode вирусының бірнеше түрлері тұтынушылардың сан алуан файлдарын (.doc, .txt, .pdf, .xls, .jpg, .png, .cpp, .h және басқа ) бұғаулауда. Бұдан кейін зарарлы компьютердің тұтынушысы өз файлдарының шифрланғаны туралы автоматты хабарлама алып, шифрды оқитын кілт-бағдарламаны алуға өтемақы сұралатын болды», — делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті