Шекарашылар 70 келі «Гербалайф» өнімін тәркіледі
![]() |
Еліміздің оңтүстігінде орналасқан «Сарыағаш-теміржолы» бақылау-өткізу бекетінің (Оңтүстік Қазақстан облысы) шекара жасағы |
«Сарыагаш - Келес» бағытында келе жатқан жүк пойызына қызметтік иісшіл иттің көмегімен шекаралық бақылау жасау кезінде оның жартылай жабық вагонына жасырылған 7 қорапты тапты. Иесіз жатқан жүкті тексеру барысында адам салмағына әсер ететін «Herbalife» өнімін анықтады.
Жалпы салмағы 70 килограмм болып шықты. Ал құны шамамен 6 млн. теңгеге жуықтайтын аталған өнімнің иесін анықтауға бағытталған іс-шаралар басталды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 548-бабының 1-тармағы бойынша рәсімделді. Тиісті құқыққорғау органдары хабарландырылды. Осыған ұқсас тағы бір дерек 28.08.2015 жылы анықталғандығын еске сала кетелік. Онда да осы «Сарыағаш» бақылау-өткізу бекетінде «Herbalife» фирмасының өнімі ұсталып, оның салмағы 50 кг құраса, жалпы құны 4 млн. теңгеге жеткен еді.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін