Шенеуніктер Астана мен Алматыдағы оқушылардың тамағын қымбаттатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер Астана мен Алматыдағы оқушылардың тамағын қымбаттатты

Шенеуніктер Астана мен Алматыдағы оқушылардың тамағын қымбаттатты

Асханалардағы ақылға сыймайтын баға! Аурухана мен мектептердегі түскі астың ақысы мейрамханадан кем түспейін деп тұр. Жалға алу құнының еселеп өсуінен ондағы тамақтар да іле-шала қымбаттағалы жатыр.            

  • 30 Қаңтар 2016
  • 271
Фото - Caravan.kz

Аурухана асханасындағы бір түскі астың құны қазір – 700 теңге тұрса, кәсіпкерлер енді оны еселеп өсірмек. Өйткені жалға алу ақысы 28 есе көтерілген. Бұрын-соңды болмаған мұндай бағаны Алматы және Астана қалалары үшін Ұлттық экономика министрі бекітіпті. Яғни, 240 мың теңге болған асхананы жалдау ақысы 7 миллионға өскен. Мектептегі тамақтың ақысы да мейрамханамен бірдей болғалы тұр. Өйткені оны жалға алу құны да 9 есеге қымбаттаған. Бұл оқушылар енді 2 мың теңгеге түстенеді деген сөз. Бұған бала түгілі мұғалімнің айлығы жетпесі анық. Ал кәсіпкерлер жалға алу ақысы төмендемесе, асханада арзан ас бұдан былай болмайды деп отыр.     

Шолпан Аманжолова, кәсіпкер:

-Енді бір түскі астың бағасы 5-6,5 мың теңгеге дейін көтеріледі. Әрине, асханада мұндай бағаның болуы ақылға сыймайды. Бірақ бізде басқа амал жоқ. Бюджеттік қызметкерлерге енді осы бағаға тамақтануға тура келіп тұр.