Шенеуніктерге қазақ тілінен тест тапсыру міндетті болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктерге қазақ тілінен тест тапсыру міндетті болуы мүмкін

Шенеуніктерге қазақ тілінен тест тапсыру міндетті болуы мүмкін

Қазақстанда мемлекеттік қызметке кіру кезінде қазақ тілін білуге арналған тест тапсыру міндетті болуы мүмкін.

  • 14 Сәуiр 2023
  • 36
Фото - Caravan.kz

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің порталында "Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Үкімет қаулысының жобасын орналастырды.

"Мемлекеттік қызметшілерге, қызмет көрсету органдарына және т.б. қызметке кіру кезінде "Қазтест" жүйесі арқылы заңнамалық тестілеуден өту міндеттері енгізілмеген. Бұл мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет", — делінген құжатта.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істейтін сала мамандары "Қазтест" сертификатын алуға міндеттейтін нормаларды енгізуді пысықтайтыны айтылды.


Жоба 25 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда қалады.