Жарияланды: 430

Шетелдерді зерттеу жөніндегі Корея университетінде қазақ тілі оқытыла бастады

Шетелдерді зерттеу жөніндегі Корея университетінде тұңғыш рет қазақ тілі бөлімі ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақ тілін зерттеумен 6 жыл бойы айналысқан Сон Ен Хун қазақ тілінің тұңғыш оқытушысы атанды. Бөлім аясы кеңейген сайын алдағы уақытта Қазақстаннан мәдениеттанушы және тарихшы мамандар оқытушылыққа шақырылмақ. Бұл бөлім Әл-Фараби атындағы ҚазМУ мен Шетелдерді зерттеу жөніндегі Корея университеті арасындағы ғалымдар алмасу жөніндегі келісім бойынша құрылып отыр. Келісімге 2003-жылдың сәуір айында қол қойылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін