Жарияланды: 220

Шетелдік азамат қазақ полицейлеріне 40 минут көлігін ашпай, шай ішіп отырып алған

Шетелдік азамат қазақ полицейлерінің ашуын келтірді! Украинадан ауыр жүк көлігін тізгіндей келген Иван Еременконы қостанайлық тәртіп сақшылары жылдамдықты асырғаны үшін жолда тоқтатқан екен. Бірақ ол 40 минут көлігін ашпай, кабинада шай ішіп отырып алған.   

Сақшылардың ашуын туғызған бұл ғана емес. Бастапқыда оған жылдамдықты асырғаны үшін жолда тоқтауға нұсқаулық берілген екен. Бірақ азамат Ероменко газды үдетіп қаша жөнелген. Полицияның оны қуумен 15 минутты кеткен. Әйтеуір тоқтатқанымен, ол есігін ашпай тағы әуреге салыпты. Шай ішіп отырып алғаны өз алды, 102 қызметіне қоңырау шалып, сақшылардан қысым көріп жатқанын хабарлаған. Дегенмен, бұл оқиға шетелдік жігіт үшін сәтсіз аяқталды. Оған жылдамдықты асырғаны үшін 20 мың теңге көлемінде айыппұл салынса, полицейлерді мазақ еткені үшін ұзақ мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылмақ.     

Иван Еременко, жүк көлігінің жүргізушісі:

- Көліктен шықпау себебім инспектор дөрекілік танытты. Сол үшін ашпадым. Мәдениет жоқ сақшыларда.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін