Шетелдік хакерлер Қазақстан шенеуніктерінің құпия хаттарын интернетке салып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік хакерлер Қазақстан шенеуніктерінің  құпия хаттарын интернетке салып жіберді

Шетелдік хакерлер Қазақстан шенеуніктерінің құпия хаттарын интернетке салып жіберді

Ел шенеуніктерінің бір-біріне  жазған  хаттары  күллі әлемге жария болды. Себебі шетелдік хакерлер олардың поштасын бұзып, мыңдаған құпия қызметтік хатты ғаламторға салып жіберген.

  • 14 Наурыз 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz

Халықаралық жанжал тудырғалы тұрған шулы іс жайында америкалық Bloomberg агенттігі хабарлады. Хакерлер әлгіндей тәсілмен көптеген атқамінерлердің артын ашыпты. Ол хаттардың ішінде мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер болуы да әбден мүмкін. Еліміздің  Ұлттық қауіпсіздік комитеті хакерлердің ізін сонау АҚШ-тан тауыпты. Сөйтіп, ресми Астана  Манхэттендегі федералдық сотқа шағым түсірген. Компьютер  қарақшылары Үкіметтің сайттарын, пошталарын күні-түні торуылдаумен болыпты.