ШҚО әкімі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді несиелеуге бөлінген қаражатты игеру қарқынына көңілі толмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО әкімі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді несиелеуге бөлінген қаражатты игеру қарқынына көңілі толмай отыр

ШҚО әкімі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді несиелеуге бөлінген қаражатты игеру қарқынына көңілі толмай отыр

Өскемен. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенов "Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді несиелеу" бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты игеру мәселесі жөніндегі жиналыс барысында осы қаражатты игеру қарқынына көңілі толмағандығын білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Маусым 2008
  • 350
Фото - Caravan.kz

Ә. Бергеновтың хабарлауынша, облыстық бюджет қаражаты есебінен биылғы жылы 550 млн теңге несиелік қаражат бөлу қарастырылған. Одан аудан орталықтарындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын несиелеуге 208 млн теңге, Семей мен Өскемен қалаларының айналасында «сүт және ет» шеңберін құру үшін ет-сүт фермалары мен жайылымдарды ұйымдастыруға — 92 млн теңге, көкөніс қоймаларын жөндеуге — 50 млн теңге және ауыл шаруашылық тауарларын өндіру мен өңдеуге — 200 млн теңге қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті