ШҚО әкімі аягөздік жас отбасыларға баспана кілтін табыстады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО әкімі аягөздік жас отбасыларға баспана кілтін табыстады

ШҚО әкімі аягөздік жас отбасыларға баспана кілтін табыстады

Аягөздегі бір мезетте 50 жас отбасы баспаналы болды. Жастардың қуанышына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те ортақтасып қайтты. Өз қолымен пәтер кілтін табыс етіп, ақ жарма тілегін жолдады.

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 227
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген отбасылық жатақханың құрылысы өткен жылы басталған еді. Араға салған аз уақытта қаланың жас ұстаздары, дәрігерлері мен мәдениет және спорт саласының қызметкерлері жеке баспаналарына қол жеткізді. Айта кету керек, жалдамалы тұрғын үй бес жылға дейін беріледі. Ал құрылысқа жұмсалған 300 млн.теңге жергілікті қазынадан бөлінген.

— Жаңа пәтер – бақытты күндердің бастауы. Біздің тамаша еліміз, кең-байтақ жеріміз бар. Осы жылдар қазақ еліне, қазақстандықтарға алтын заман болатын кез. Тарихқа алтын әріппен жазылатын біздің ұлы Президентіміз, тамаша халқымыз бар. Алтын заман туды, осыны білуіміз керек, құрметті жерлестер! Сіздердің бүгінгі қуанышпен шын жүректен құттықтаймын. Бірге бақытты болайық! – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Өз кезегінде жастар атынан сөз алған Әсем Нұрмұхаметова: «Бүгін екі бөлмелі пәтер алып, қуанып жатырмыз. Мұғаліммін. Бірнеше жыл пәтер жалдап тұрдық. Енді міне, мемлекетіміздің жастарды қолдауға арналған бағдарламасының жемісі көріп отырмыз. Көп рахмет!», — деп, алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, бұл күні жергілікті әлеуметтік көмек көрсету орталығына облыс әкімі уәде еткен инвакөліктің кілті табыс етілді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 10 миллион теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар