«Біздің облыс территориясына мұнай өнімдерін сегіз ірі жабдықтаушы жеткізеді, ал енді бұл нарықта монополия орнату талпыныстары байқалады «, — деді Ж. Кәрібжанов.
«Әрине, бұл бағаларға да әсер бермей қоймайды «, — деп атап өтті ол.
«Меніңше, мұндайды монополияға қарсы күрес комитеті қолға алуы керек немесе мұнай өнімдері сауда биржалары арқылы сатылып, көтерме сатып алушылар қажетті ЖЖМ көлемін нарықтық механизмдер арқылы алатын жағдайы болуы керек», — деді ШҚО әкімі.
Ал, ҚР премьер-министр Кәрім Мәсімов айтқанындай, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және ЖЖМ нарығында туындаған мәселелерге арналған жиналыс 19 желтоқсан күні үкіметте өткізіледі. «Бұл мәселені алдағы жиналыс кезенде талқылауға болады», — деді ол ШҚО әкіміне қаратып айтқан сөзінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті