Жарияланды: 310

ШҚО-да әйел ТКШ бөлімін сотқа беріп, 200 мыңнан астам теңге өндіріп алды

ШҚО-да әйел ТКШ бөлімін сотқа беріп, 200 мыңнан астам теңге өндіріп алды

Өткен қыста Семей тұрғыны автобус аялдамасында аяғы тайып, жарақаттанған.

Мүгедек болып қалған әйел жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін сотқа беріп, процесті жеңіп шықты, деп жазады YK-news.kz. 

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2014 жылдың 7 желтоқсанында «Мәдениет үйі» аялдамасында орын алған. Мұзға аяғы тайған әйел құлап, оң жақ жамбасын сындырып алды. Ауыр жарақаттанған жергілікті тұрғын Астанада талай емдеу курстарынан өтті. Одан кейін ол үшінші топтағы мүгедек болды. 
«Таяуда қала тұрғыны сотқа «Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары» ММ-нің үстінен 145 219 теңге көлемінде материалдық шығын және бір миллион теңге моральдық шығын өтеуін талап ету туралы шағым берді. Істің барлық мән-жайларын есепке алған сот жауапкерден оның пайдасына 215 531 теңге өндіріп берді», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін