ШҚО-да ерлі-зайыптылар өз үйінің табалдырығында қатып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да ерлі-зайыптылар өз үйінің табалдырығында қатып қалған

ШҚО-да ерлі-зайыптылар өз үйінің табалдырығында қатып қалған

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында ерлі-зайыптылар өз үйінің табалдырығында қатып қалған. Азаматтық некедегі ер мен әйел үйдің есігін аша алмаған, деп жазады YK-news.kz.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 483
Фото - Caravan.kz


Зырян ауданының АІІБ қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оқиға 16 қаңтар күні болған. ШҚО ТЖБ сайтындағы ресми мәліметке сүйенсек, дәл осы күні бұл жерде 35 градус аяз болған екен.

Ерлі-зайыптылар көршілерінің үйінен ішімдік ішкен. Үйіне келген соң белгісіз себеппен сыртқа қайта шыққан кезде, есік құлыпталынып қалған. 53 жастағы ер адам сырт киім де кимегені белгілі болды. Онымен бірге тұратын 63 жастағы әйел екеуі табалдырықта отырған қалпы қатып қалған. Олардың неге қайтып көршілерінен көмек сұрамағаны беймәлім.