ШҚО-да есірткінің ірі партиясы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да есірткінің ірі партиясы тәркіленді

ШҚО-да есірткінің ірі партиясы тәркіленді

ШҚО-да ірі есірткі партиясын тарату әрекетінің жолы кесілді.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 348
Фото - Caravan.kz

Өңірдің ІІД хабарлағандай, Өскеменде 30 жастағы жекеменшік үй иесі ұсталды, одан полиэтилен пакетке оралған 2 келі 700 граммнан астам есірткі табылып, тәркіленді. Әйел есірткіні заңсыз сақтап, ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Өскеменде жергілікті тұрғын, 51 жастағы есірткі тасымалдаушы қолға түсті. Оның пәтерінен жалпы салмағы 400 грамм болатын марихуанамен 7 полимерлік пакет тәркіленді. Сот алды тергеу жүргізілуде. Тағы 5 пакетте оралған жарты келі марихуана Семейдің 37 жастағы тұрғынынан тәркіленді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 күндік «Өрмек»  шарасы аясында айналымнан 4 келіден астам есірткі тәркіленді.


Есірткіге қатысты 43 құқық бұзушылық анықталды. Олардың 11-і қылмыс, қалған 32 фактісі  — қылмыстық әрекет.

11 қылмыстық әрекеттің 9-ы есірткіні заңсыз өткізу, 2 — ірі мөлшерде есірткі сақтау.

Бұдан басқа, Шемонаихада орналасқан «Рубеж-Тарлан» постынан өту кезінде есірткі тасымалдау бойынша 1 факті анықталды.