ШҚО-да Орталық Азиядағы жалғыз гематологиялық орталық салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да Орталық Азиядағы жалғыз гематологиялық орталық салынады

ШҚО-да Орталық Азиядағы жалғыз гематологиялық орталық салынады

Нысан 1 топқа жататын ормандары бар қарағай орманында бой көтермек, мұндай ормандар климатты реттеу функциясын атқара алады. 

Семейде салынатын 150 орынға шақталған жаңа орталық тұрғындарға гематологиялық көмек көрсетеді. Мұнда ол үшін емдеудің жоғары технологиялық әдістері және қан жүйесі дертін диагностикалау, соның ішінде жілік майын трансплантациялау да жүзеге асырылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз орталығынан. 

Бұл қан және лимфа жүйесі ауруларынан зардап шегетін науқастарға медициналық қызмет көрсететін Қазақстандағы және Орталық Азия аумағындағы жалғыз клиникалық кешен. 

Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда ел тұрғындарының гемобластоздар салдарынан өлім-жітімі деңгейін орташа деңгейге дейін түсіру мүмкіндігі бар.

Фото - Caravan.kz