Жарылғыш заттарды арқалаған мамандар осы өлкеде күнделікті жұмыс атқарады. Мамандар қар көшкіні орын алуы мүмкін 300-ден астам аймақты анықтаған. Олардың дені демалыс базаларының маңында. Тауға демалуға келгендерді қауіпсіз жерлерге жіберіп, 17 рет жасанды көшкін жүргізген. Себебі ауа райының тұрақсыздығынан қар кез-келген мезетте жүруі мүмкін. Таулы аймақтарда күре жолдар да жетерлік. Сондықтан кезекті жарылыстан кейін қар басқан өткелдер дереу аршылып жатыр. Мамандар бұл тек жұмыстың басы ғана деп отыр. Жарылыс жұмыстарын осы айдың соңына дейін жүргізу жоспарланған.
Омар Дұзғымбаев, «Қазселденқорғау» ММ ШҚО филиалының төрағасы:
-Бүгінгі жоспар бойынша осы «Өскемен-Таулы Үлбі» бағыты бойынша қар көшкінін жүргізіп жатырмыз. Күнделікті осы бағыттар бойынша мәліметтер беріліп отырады. Бүгінгі талапқа сәйкес жоспар бойынша барлық жұмыстар атқарылып жатыр.