ШҚО-да тұмауға байланысты екі мектеп карантинге жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да тұмауға байланысты екі мектеп карантинге жабылды

ШҚО-да тұмауға байланысты екі мектеп карантинге жабылды

Өңірде респираторлы инфекцияларды жұқтыру саны күрт артып келеді. Осы себепті, санитарлық дәрігерлер Шемонаиханың екі мектебінде карантин жариялау шешімін қабылдады, деп хабарлады YK-news.kz.

  • 27 Қаңтар 2017
  • 314
Фото - Caravan.kz

ШҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, қаңтар айының үшінші аптасында дәрігерлер 5629 науқасқа ЖРВИ (жұқпалы респираторлы вирусты инфекция) диагнозын қойды. Оның алдыңғы аптада сырқаттанғандар саны бұдан да көп болған. Өткен жылы желтоқсанның соңғы онкүндігінде 4415 адам ауырды. ЖРВИ жұқтырғандар саны әсіресе, Шемонаихада көп. Ондағы екі мектепті уақытша жабуға тура келген.

«Облыс бойынша екі мектепке ғана карантин енгізілді. Мектеп оқушыларының отыз пайыздан астамы науқастанған жағдайда, мұндай шаралар міндетті. Шемонаихадағы екі мектеп қаңтар айының соңына дейін уақытша жабылады», — деп хабарлады ШҚО білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Медет Әлімғазин.

ШҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті өңірдегі өзге мектептерде карантин жариялау жоспарланбағанын хабарлады.