ШҚО-да заңсыз аң атқан дөкейлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да заңсыз аң атқан дөкейлер ұсталды

ШҚО-да заңсыз аң атқан дөкейлер ұсталды

Аңға шыққан атқамінерлер! Шығыс Қазақстан облысында 4 бірдей дөкей аңшы тұзаққа түсті. Олар бір бұлан мен 12 құрды жайратып салған.

  • 25 Қараша 2014
  • 215
Фото - Caravan.kz


Қаскөйлер Абай ауданында аң аулаған. Олардың бірі – жақында ғана құрметті демалысқа шыққан полиция қызметкері болса, енді бірі  жергілікті кәсіпкерлер кеңесінің басшысы. Ал қалған екеуі ірі шаруа қожалығын басқарғандар. Құрыққа ілінген дөкейлер бірден инспекторларға лап қойып, өздерін жақсылықпен жібере салуды бұйырыпты. Тіпті, қызметтік куәліктерін көз алдында көлбеңдеткен. Бірақ ол әрекеттерінен түк шықпай, төртеуінің де үстінен қылмыстық іс қозғалып, оларға ірі мөлшерде айыппұл салынды.