Жарияланды: 450

Швецияда Еуропада тұратын қазақтардың құрылтайы аяқталды; келесісі Данияда 2012 жылы өтеді

Қазақстанның Швециядағы елшілігі еуропалық қазақтардың Вестерос қаласында өткен құрылтайының аяқталуына орайластырған қабылдау ұйымдастырды.

«Қазақстан шетелдегі отандастарын қолдауға маңызды мән береді. Оның жарқын мысалы Астана өткен қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы. Онда елбасы шетелдерде тұратын қазақтар үшін отанымыздың есігі әр кез ашық деп мәлімдеген», - деп Ұлыбританиядағы әрі Швециядағы елшілікті қосарлана атқарушы елшіміз Қайрат Әбусеитов, қонақтарды қабылдауда сөйлеген сөзінде. Қ, Әбусеитов Швецияда құрылтай өткізу шетелдердегі отандастарымыздың қамтылу географиясын кеңейтті деп атап өтті. Дипломат сондай-ақ, ел басшылығы шетелдердегі отандастарымызға «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан пәрменді қолдау көрсету туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Еуропада тұрып жатқан қазақтардың жетекшісі мәлім еткендей, шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың келесі құрылтайы 2012-ші жылы Данияда өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін