Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы сілтеме жасап «Хабар 24» хабарлайды.
Ал, бұл дертті елдің 20 мыңнан аса тұрғыны жұқтырған. Індет қарқыны бәсеңдеген жоқ, тек өткен тәулікте 681 адамнан вирус анықталды. Халық саны 10 миллионан сәл асатын ел үшін бұл тым жоғары көрсеткіш. Жалпы Еуропа бойынша Швеция мен Беларусь індетке байланысты карантин енгізген жоқ.
Анн Линде, Швецияның сыртқы істер министрі:
— Швецияда әдетті тіршілік жүріп жатқаны бос дақпырт. Көптеген адам үйде қалып, саяхаттамайтын болды, көптеген кәсіпорындар күйреп жатыр, жұмыссыздық деңгейі өсетін сияқты. Бүкіл қоғамға, оның ішінде адамдардың жеке өміріне де әсер ететін жаңа ережелер мен нұсқаулар бар. Швеция толық оқшауланбағанмен, көптеген кәсіпорындар жабылып, халық зардап шегіп отыр.