Швецияда Рамзан Қадыровты қатаң сынға алған блогер өлтірілді - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швецияда Рамзан Қадыровты қатаң сынға алған блогер өлтірілді - БАҚ

Швецияда Рамзан Қадыровты қатаң сынға алған блогер өлтірілді - БАҚ

Швецияда тұратын шешен оппозициялық блогері Тумсо Абдурахманов бір тәуліктен астам уақыт бойы байланысқа шықпады.

  • 5 Желтоқсан 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

1 желтоқсанда оның өлтірілгені туралы расталмаған ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Осыдан кейін журналистер Тумсоның өзімен де, оның ағасы Мұхаммед Абдурахмановпен де бірнеше рет хабарласпақ болғанымен, одан нәтиже шықпады, деп хабарлайды Kavkaz.Realii.

Еуропада орналасқан «Вайфонд» шешендік құқық қорғау ұйымы да екі ағайындының қайда екенінен хабарсыз. Тумсо Абдурахмановтың телеграм-каналындағы соңғы жазбасы 30 қарашада жарияланған. Швеция полициясының қылмыс туралы хабарларында Абдурахмановтың өлтірілгені туралы мәлімет жоқ.

Алайда оппозиционердің өлтірілгені туралы ақпаратты оның серіктестері растады. Айта кетсек, Абдурахманов желтоқсанның 1-і мен 2-сі аралығында Швецияда атып өлтірілген. Швецияның құқықтық саласы бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ.


 

Соңғы жаңалықтар