Шығыс пен Солтүстікте сынап бағанасы -39 градусқа жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс пен Солтүстікте сынап бағанасы -39 градусқа жетті

Шығыс пен Солтүстікте сынап бағанасы -39 градусқа жетті

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын сарышұнақ аяз қыспаққа алды. Бүгін қос аймақта сынап бағанасы 39 градусқа төмендеп, мектептерде сабақтар тоқтатылған.  

  • 21 Қаңтар 2016
  • 203
Фото - Caravan.kz

Тіпті,Семейдегі автобекеттен қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустар сапарға шықпайтын болды. Себебі, үскірік аязда жол жүргілері келмеген халық сатып алған билеттерін жаппай өткізіп жатыр екен. Ал Павлодар облысында мұндай аяз соңғы жарты ғасырда болмапты. Қытымыр суықта орталықтағы термометр  де шыдас бермей, істен шыққан. Аяздың беті қайтқанша, мұнда оқушылар тұрмақ тіпті колледждің 1-2-ші курстарының студенттері де оқудан босатылыпты.  

Саян Мұқанов, Павлодар облыстық білім басқармасы  басшысының орынбасары :

-Облыс бойынша 92 мыңнан астам оқушы бірінші сменадағы оқушыларға сабақ болмайтындықтан оқу тапсырмалары үйге беріледі. Электрондық пошта, ватцап арқылы. Сондықтан бұл оқу үдерісіне ешқандай кедергі жасамайды.