Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысында өрттердің салдарынан 2 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысында өрттердің салдарынан 2 адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысында өрттердің салдарынан 2 адам қаза тапты

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысында өрттердің салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 354
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Бекқайыр ауылында жай үйде шыққан 120 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 64 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, 14 қаңтарда Тараздағы етік жасау шеберханасының дүңгіршегінде 12 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде бір еркектің мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті