Жарияланды: 410

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабанданың жолын кесті

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабанда мен есірткінің жолын кесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Айталық, "Семей-Барнаул" тас жолының бойында жүргізілген рейд нәтижесінде қарағайлы орманда жалпы көлемі 2,992 млн. теңгенің қытай аяқ киімдері тиелген автокөлік ұсталды. Жүктің иесі тауарды кедендік бақылаудан жасырып Ресей аумағына асырып әкетпек болған. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 209-бабы, 1-тармағы бойынша экономикалық контрабанда деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Ал Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері иісшіл иттерді пайдалану арқасында Зайсан ауданындағы екі азаматтың үйінен 131,23 және 691,88 грамм марихуана тәркіледі. Аталмыш деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін