Жарияланды: 370

Шығыс Қазақстан облысында ер адам өз үйінде өрттен ажал құшты

Сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысының Октябрьский кентінде тұрғын үйде өрт болды, жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен. Тілсіз жау екі сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өртті ауыздықтау барысында 65 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін