«Облыста кене энцефалитінің бір оқиғасы тіркеуге алынса, кене шағуы себепті емдеу мекемелеріне 2267 адам келген. Оның 777-сі 14 жасқа дейінгі балалар», — деп хабарлады ШҚО мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
2007 жылдың сәйкес мезгілінде 1956 жәбірленуші тіркелсе, оның 31 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құраған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті