Жарияланды: 410

Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада әртүрлі төтенше жағдайлардан 10 адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада әртүрлі төтенше жағдайлардан 10 адам мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметінен бүгін, 3-қыркүйекте хабарлады.

Жол апатынан 3 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанды, ал өрт салдарынан 4 азамат мерт болды. Мәселен, Риддер қаласында "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі машинаның тізгініне ие бола алмай, жолдың кері бағытына шығып кету салдарынан көлігін аударып алды. Апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, тағы бір жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Семейде "ГАЗ 2110" автокөлігінің жүргізушісі қоршауды соғып кету салдарынан бір жолаушы оқиға орнында мерт болды. Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск ауданы Жаңа Бұқтырма ауылында "ИЖ-Юпитер" мотоциклінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан әлгі адам сол жерде көз жұмды. Тағы осы ауданның Серебрянск қаласында 6 саяжайдың өртенуі салдарынан 3 адам қаза тапты. Өскеменде жеке үйде болған өртті сөндіру кезінде қайтыс болған бір адамның мәйіті табылды. Қазір тергеу жұмыстары басталып, қаза тапқан адамның аты-жөні анықталу үстінде. Семейлік бір тұрғын электрмен қамтамасыз ету желісіне өз бетімен қосылуға әрекет үстінде мерт болды. Зырянов ауданындағы Малев кенішінде жабдық жөндеуші электрослесарь жұмыс үстінде қаза тапты. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Облыстың Глубокое ауданындағы Степное ауылында шұңғымада жүзіп жүрген бір адам суға кетті. Сондай-ақ, Семейлік бір тұрғын 120 мм-лік миномет снарядын тауып алды. Оны әскерилер залалсыздандырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін