Жарияланды: 470

Шығыс Қазақстан облысында вагонға тиелген плавик қышқылы төгілу салдарынан төрт адам уланды

Шығыс Қазақстан облысында жүк таситын отарбаның вагонына тиелген плавик қышқылы төгілу салдарынан төрт адам уланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Зардап шеккен адамдарға дәрігерлік көмек көрсетілді. Төтенше оқиға Шемонаиха теміржол бекетінде болған. Жүк тасымалдайтын отарбаны қабылдап тексеру кезінде вагондардың біріне тиелген 530 дана 20 литрлік ыдыстардың бірінен плавик қышқылы төгіліп жатқаны анықталды. Агенттік ақпаратына сәйкес, қазір вагон темір жол тұйықталымына , қауіпсіз жерге жеткізіліп, айналасына қоршау қойылды. Жүкті жіберуші "Үлбі металлургия зауыты" ААҚ-ның апаттық тобы оқиға орнында төгілген қышқылды жою, зарарлы учаскені тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін