«Азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасының өсуі барасында ауылдық көтерме сауда базарының ашылуы елеулі оқиға болып отыр. Ұсақ көтерме сауданың өзі бағаның өсуіне байланысты жағдайды реттеуге аз да болса себепші»,- деп тап өтті баспасөз қызметіндегілер.
«Егер аудан орталықтарындағы дүкендерде бірінші сұрыпты ұнның бір килограммы 68 теңге тұрса, көтерме сауда базарында оны 60 теңгеге сатып алуға болады. Мұнда қант 15 — 20 теңгеге, түтік кеспелер 10 теңгеге арзан. Тұрмысы төмен адамдар бұл айырмашылыққа үлкен мән береді»,- деп атап көрсетті әкімшіліктегілер. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «Қотан-Қарағайда ашылған жаңа базар осы аудандағы азық-түлік тауарларын сататын алғашқы көтерме сауда базары болып отыр». Базарды ашу бастамасын жергілікті «Жастабан» ЖШС көтерген.
«Жаз бойы жұмысшылар көптеген жылдан бері қолданыссыз тұрған бұрынғы жеміс-жидек сақтау қоймаларының ғимараттарын тазалап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Қазір олар нормаға келтірілген, ол азық-түлік өнімдерін сақтау және сату жөніндегі кәсіпорындарға қойылатын талаптарға сай. Көтерме сауда базарының жалпы алаңы жүздеген тонна тауарды қабылдау мүмкіндігі бар»,- деді «Жастабан» ЖШС директоры Қайрат Ахметов. Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта азық-түлік өнімдерінің бірінші топтамасы жетекізілгендігін хабарлады. «Бұл тек басы ғана — жақын арада тауар түрлерін кеңейтеміз»,- деді ол. Сонымен қатар, кәсіпорын көктемнен бастап қойма маңынан тауарларды бөлшектеп сатумен айналысатын дүкендер ашуды жоспарлауда. «Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бағаларының көтерме бағадан көп айырмашылығы болмайды»,- деп атап өтті Қайрат Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті