Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Сәуiр 2007
  • 686
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Жәнібек Кәрібжановтың бұйрығымен Катон-Қарағай ауданының әкімі болып Серік Зейнолдин тағайындалды.

Бұған дейін Серік Зейнолдин Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы әкімінің орынбасары болған.

Ауданның атқарушы билігінің жаңа басшысын таныстырған Шығыс Қазақстан облысы әкімі Катон-Қарағай ауданында ауылшаруашылығы мен туризмді дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

«Туристік салаға басымдық беріліп, ол біздің ауданды дамыту локомотивіне айналуға тиіс»,- деді Ж.Кәрібжанов. «Бірақ менің бір байқағаным, әзірге бұл тұрғыда қолданылып жатқан шаралар тым әлсіз»,- деді облыс әкімі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті