Жарияланды: 390

Шығыс Қазақстан ТМРА бөлімінің бастығы Т450 мың пара алғаны үшін 3 жылға сотталды

Өскемен сотының үкімімен Шығыс Қазақстан бойынша табиғи монополияларды реттеу аганенттігі департаментінің техникалық реттеу бөлімінің бастығы А. Қалиахметов Т450 мың пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 3 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 3 жылға мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айрылды, деп ШҚО облыстық сот баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс материалдарынан шығатындай, былтырғы жылдың қыркүйегінде ЖҚС қызметіне лицензия сұрап келген кәсіпкермен сұхбат барысында А. Қалиахметов қызмет бабын пайдаланып, $4 мың талап еткен. Бұл ретте кәсіпкер әр сомамен әр мезгілде барлығы Т450 мың ақшаны шенеунікке берген. 2010-шы жылғы желтоқсанда кезекті параны алу үстінде шенеунікті полиция қызметкерлері қолға түсірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін