Глуховка ауылындағы жолдар көлге айналған. Ауылдағы жұрт 3 күннен бері тізеден су кешіп жүр. Қора-қопсыдағы отынның бәрі жарамсыз болып қалған дейді тұрғындар. Қазірде құтқарушылар қолда бар техникамен суды сорғызып әлек. Мамандар «Егер ауылдықтар қарды дер кезінде шығарса, мұндай болмас еді»,- деп жұрттың өзін кінәлауда. Тұрғындар енді іргетастары қызыл суда тұрған баспаналары қирап қалады ма деген үрейде.
Анар Садырбаева, Глуховка ауылының тұрғыны:
— Су деңгейі көтеріліп келеді. Не істерімізді білмейміз. Ұйқыдан айырылдық. Ауылда су былайша көтеріліп көрмеген. Бірінші рет көріп тұрмыз.