Шығыс Қазақстанда карантин жарияланды: жергілікті халық дүрлігіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда карантин жарияланды: жергілікті халық дүрлігіп жатыр

Шығыс Қазақстанда карантин жарияланды: жергілікті халық дүрлігіп жатыр

ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданында ер адамның өлімінен кейін карантин жарияланған.

  • 24 Қыркүйек 2018
  • 58
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданының әкімі сібір жарасынан көз жұмған ер адамның өлімінен кейін карантин жариялады.

Қатон-Қарағай ауданының тұрғындары дүрлігіп жатыр. Сібір жарасынан көз жұмған ер адамның өлімінен кейін жергілікті тұрғындар ет жеуден қорқып отыр.

Мамандар анықтағандай, марқұм өзі сойған бұзаудың етін жегеннен кейін сібір жарасын жұқтырған. Төрт күн бойы өзін жайсыз сезініп, содан кейін жергілікті медпунктке жүгінеді.

Дәрігер ауру белгілерін бірден анықтап, диагноз қойғаннан кейін, облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабар берген. Ер адам санавиациямен Өскеменге жеткізіледі, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Ер адамның үйінен 40 келіге жуық ет тәркіленіп, бірден жойылды.


Қазіргі таңда эпидемиологтар марқұммен араласқан 37 адамды анықтады. Олардың 13-і ер адамнан ет сатып алып үлгерген, қазір олар дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Ауданда эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар