Шығыс Қазақстанда найзағай түсуі салдарынан қыстақ өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда найзағай түсуі салдарынан қыстақ өртенді

Шығыс Қазақстанда найзағай түсуі салдарынан қыстақ өртенді

Абай ауданында найзағай салдарынан салдарынан болған өрт ауыздықталды. 

  • 26 Маусым 2017
  • 312
Фото - Caravan.kz

Ұлжай қыстағындағы шаруашылық құрылыстарының біріне жай түсіп, өрт болды. Лапылдаған жалын қысқа сақталған шөпті шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі қыстақтан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Олар жеткен бойда  бірден маңайдағы үйлерді аман алып қалудың әрекетін жасады. Өрттен қорғаушыларға тілсіз жауды ауыздықтаудың сәті түсті.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт аумағы 300 шаршы метрді қамтыды.


Өрт сөндіруге үш техника, өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан тоғыз адам жұмылдырылды, делінген ШҚО ТЖ департаментінің хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар