Жарияланды: 500

Шығыс Қазақстанда су-энергетикалық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты құрылады

Өскеменде су және энергетикалық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты (СЭҚ ҒЗИ) құрылады, деп хабарлайды ҚазТАГтілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысы су-энергетикалық апаттың алдында тұр. 2020жылы жалпы жер үстіндегі су ағысы 70 т/кмқұрайды, оның ішінде трансшекаралық ағыстар 18,5 т/км. Аймаққа электр қуаты аса қажет болғанда, судың деңгейі төмендейді, сонда біздің гидроэлектрстанцияларымыз(ГЭС)тоқтайды, ал электр қуатын өндіру күрт азаяды», - деп хабарлады бейсенбі күні «Алтай» аймақтық технопаркінің су және энергетикалық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу енгізу зертханасының басшысы Анатолий Белослюдов. Оның айтуынша, электр қуатының жетіспеушілігінен басқа, ГЭС-тердің жағдайы да алаңдатады, өйткені «облыстағы бес энергетикалық кәсіпорынның жабдықтарын ары қарай пайдалануға болмайды». «5 жылда бір рет техникалық куәландыру жүргізу керек, су шаруашылық нысандарында, қосалқы құрылыстарда жыл сайын тексеру жүргізіп, жан-жақты көп факторлы зерттеу жүргізілуге тиіс, бірақ ондай шаралар жүргізілмейді», - дедіА. Белослюдов. Оның атап көрсетуінше, гидроқұрылыстар сейсмологиялық қауіпті аймақта орналасқан. Мысалы, «Бұқтырма су қоймасының аумағында бір жылдың ішінде 20 дүмпу тіркелсе, Ертістің бойымен сейсмологиялық жарықшақ түзіліп жатыр». Ғалымның айтуынша, СЭҚ ҒЗИ міндеттерінің бірі «Алтай» технопаркінің ғылыми-енгізу жұмыстарының инновациялық инфрақұрылымын дамыту тиімділігін арттыру болады. Қаржыландыру табылысымен су және энергетикалық қауіпсіздік институты жұмысын бастайды, деді А. Белослюдов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть