Жарияланды: 590

Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 адам зардап шекті

Бейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

«28 шілдеде сағат 8.30-да жедел жәрдем бригадасы жол-көлік оқиғасы болған жерге аттанды. Оқиға орнына жеткеннен кейін кезекші дәрігер, «ЮКО» ЖШС құрылыс компаниясына тиесілі ПАЗ-32051 автобусының Өскемен-Горная Ульбинка тас жолының 27-ші шақырымында тежегіші істен шыққанын, көлік тауға көтерілер жерде сол жақ бүйіріне аударылғанын хабарлады», делінген ресми хабарламада. Құтқарушылардың ақпары бойынша, автобус салонында 22 жұмысшы болған, солардың 16-сы зардап шеккен. Қаза болғандар жоқ. Жедел жәрдем бригадасы төрт жұмысшыға сол жерде көмек көрсеткен, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жеңіл-желпі жарақат алған қалған 10 адамды дәрігерлер сол жерде қарап шыққаннан кейін, олар жол-жөнекей көліктермен Өскеменге жеткізілген. Департаменттен хабарланғандай, зардап шеккендердің ешқайсысы стационарлық емдеуге қалдырылмаған. «Олардың бәріне көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне қайтарылды», деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін