Жарияланды: 790

Шымкент станциясы желілік ішкі істер бөлімі 2003-жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша Республика бойынша таңдаулы бөлімге саналды

Шымкент станциясы желілік ішкі істер бөлімі 2003-жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша Республика бойынша бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бөлім бастығы, полковник Бекболат Түзелбаев хабарлады.

Өткен 6 айдың ішінде желілік ішкі істер бөлімі 36 кг 135 грамм марихуана, 4 кг 452 грамм героин, 28 суық қару тәркілеп, 3 контрабандалық, 21 ұрлық, 12 жасанды құжат әшкерелеп, 15 жеңгетайды тұтқындады. Осындай көрсеткіштер желілік ішкі істер бөлімін таңдаулы деп тануға негіз болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Шымкент станциясы желілік ішкі істер бөлімі автокөлік және компьютермен марапатталған көрінеді, алайда сыйлық әзірге Шымкентке келіп жеткен жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть