— Котлетті ана жерден сатып алдым мен. Міне, вокзалдан.
— Еш жақта сатылмайды ондай котлет.
— Тұр ғой шашлык сататын жерде. Сенбесең жүр, апарып көрсетейін сатып алған жерімді.
Шымкентке шалғай аудандардың бірінен екі күн бұрын ғана келген ол бұл дәмханаға жұмыс іздеп келдім дейді. Ал тағамын жазбай таныдым деген вокзал маңындағы асхана қожайыны соңғы кезде ұрлық жиілегенін айтып отыр. Күнделікті кешкісін жұмыртқа, котлет пен күнбағыс майы жоғалады екен. Жас шамасы 25-тегі жігіт енді қалтасынан шыққан тағамды сатып алғанын дәлелдей алмаса, үш котлет үшін үш жылға дейін сотталуы мүмкін.