Шымкент тұрғыны дәрі-дәрмектерді көшеде сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны дәрі-дәрмектерді көшеде сатқан

Шымкент тұрғыны дәрі-дәрмектерді көшеде сатқан

Шымкентте дәрі-дәрмектерді көшеде сатқан тұрғынға жарты миллион теңгедей айыппұл төлейтін болды. Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты заңсыз сауда жасаған азаматқа қатысты әкімшілік шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2017
  • 169
Фото - Caravan.kz

Заң бұзушы елімізде  тіркелмеген «Церобролизин», «Стрептоцид» және «Мукалтин-Лек Т» дәрілік препараттарын заңсыз айналымға салғаны анықталды. Осыған орай  Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты бұл азаматты КҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462- бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 453 800 тенге айыппұл салынған.

Сондай-ақ фармацевтикалық кәсібіне 20 тәулікке тыйым салынып, тәркіленген «Церобролизин», «Стрептоцид» және «Мукалтин-Лек Т» дәрілік препараттары жойылған.


 

Соңғы жаңалықтар