Шұңқырдың ішінен ыңыранып шыға алмай жатқан азғын ішімдікке сылқия тойып алыпты. Сөйтіп, көпқабатты үйдің алдында ойнап жүрген сәбиді шақырып алған. Жақын маңдағы баудың ішіне алып барып ойына келгенін істеген. Полицейлер жетем дегенше педофилді өзі тауып алған қыздың әкесі оны біраз тепкілепті. Қазір қамауда отырған күдікті кінәсін толық мойындаған. Оған қатысты «кәмелетке толмаған қызды зорлау» бабы бойынша тергеу басталды. Ал жапа шеккен бүлдіршінді дәрігерлер мен психологтар қарап жатыр.