Шымкентте 50 жастағы тұрғын марихуанамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 50 жастағы тұрғын марихуанамен ұсталды

Шымкентте 50 жастағы тұрғын марихуанамен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шарасын жүргізу  барысында есірткі затын сақтаумен айналысады деген күдікпен 1967 жылы туған Жамбыл облысының тұрғынын  ұстады.

  • 25 Тамыз 2017
  • 386
Фото - Caravan.kz

Күдіктіні тінту барысында полицейлер 50 жастағы ер азаматтан  политэленді орамада марихуана есірткі затына ұқсас өсімдіктектес затты тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот-криминалдық сараптамасына сай, тәркіленген зат салмағы 1кг асатын марихуана екені белгілі болды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары осы жайтқа байланысты жан-жақты тексерулер жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар