Бүгінгі кассациялық сотта әуе апатында қайтыс болған шекарашылардың туыстары мүлдем келген жоқ. Қанат Ақылбековтың тарапынан да тек әкесі қатысты. Судья екі тарапты тыңдап болған соң, ұзақ уақыт кеңесуге кетті. Алайда, 4 жыл қоныс колониясына кесілген Ақылбековтың мерзімін өзгертудің қажеті жоқ деп тауыпты. Бірақ, диспетчердің адвокаты мұнымен келіскен жоқ. Енді ол шағым жазып Жоғарғы сотқа жүгінбекші. Еліміздің шекара қызметінің басшылары мінген ұшақ 2012 жылдың желтоқсанында апатқа ұшыраған болатын. Астанадан ұшып шыққан АН-72 әскери әуе кемесі Шымкентке 20 шақырым жетпей, цемент зауытының карьеріне құлаған-ды.