Шымкентте ауызашарға қатыса алмағандар жанжал шығарып, қол жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ауызашарға қатыса алмағандар жанжал шығарып, қол жұмсаған

Шымкентте ауызашарға қатыса алмағандар жанжал шығарып, қол жұмсаған

Бұған дейін Шымкент тұрғындары мешіттегі ауызашарға талонсыз кіргізбейтінін айтып наразылық білдірген болатын. Абдул Хамид Хаттани мешітінің ұстазы Ералы Есенгелдиевтің айтуынша, олар мұндай қадамға амалсыз барған көрінеді.

  • 24 Мамыр 2018
  • 627
Фото - Caravan.kz

Дін өкілінің сөзіне сенсек, мешіт жайған дастархан барша келушілерге жетпейді екен. Ол аздай, ауызашарға ораза ұстамағандар мен арақ ішіп алғандар да жай қарын тойдыру үшін келуді әдетке айналдырыпты.

"Талон таяуда ғана пайда болды, себебі ауызашарға ішімдік ішетін және мүлдем ораза ұстамайтын адамдар да келе бастады. Бұрындары біз барлығын тамақтандыруға тырысатынбыз. Қазір адамдар көп келетін болды. Барлығына жеткізу үшін осындай қадамға барып отырмыз. Мешітте намаз оқу үшін 600-700 адам келеді, кеше мешітте ауызашар берілді. 150 адамға дастархан жайылды. Бұрыннан келетін адамдарға талон бердік", — деп түсіндірді мешіттегі ұстаз Ералы Есенгелдиев. 

Бірінші топтағы мүгедек Абсаттар Саймурзаев ораза ұстаушылардың қатарында. Ақсақал талон енгізілуіне де және өзінікі дұрыс екенін күшпен көрсеткісі келетіндерді де қолдамайтынын айтты.

"Кеше талоны болмағандар мен ауызашарға қатыса алмағандар жанжал шығарды. Қол жұмсағандар да болды. Жұрт мешіт өкілдерін кінәлап, дастарханды басқа адам жайғанына қарамастан, дін қызметкерлері өзі жаңа ереже шығарғандарына шүйлікті. Айта кетейін, мешіт өкілдері дастархан жаймайды, олар тек ұйымдастыруға көмектесіп, жер бөліп беріп, келушілерді шақырады", — дейді Саймурзаев.

Оқи отырыңыз:

Атырауда жол апатынан жүргізуші қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілді 

Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды 

Бүгін әлемді аузына қаратқан Димаштың туған күні
 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар