Шымкентте автобуста жүру жолақысы бес теңгеге арзандайды
Шымкент. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте қалалық автобустарда жүру жолақысы бес теңгеге арзандайды. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдік активінің отырысында қала әкімі Арман Жетпісбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдайтын автобустардағы жолақысы бес теңгеге арзандап, 35 теңгені құрайды. Ал бағытты таксилердегі баға бұрынғы 40 теңге қалпында қалады", - деді А. Жетпісбаев.
Оның айтуынша, әкімдіктің жолақыны арзандату туралы шешімі 2009 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін