Шымкентте автобустарда жол жүру ақысы жарты ай бұрын арзандатылатын болды - телеарна
Шымкент. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Шымкентте 2009 жылдың 1 қаңтарына белгіленген қалалық автобустарда жол жүру ақысы жарты ай бұрын, 15 желтоқсанда арзандатылатын болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап. |
"Қалалық автобустардағы бағаны 40 теңгеден 35 теңгеге дейін төмендету Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай 15 желтоқсанда басталатын болды", - деп хабарлайды аталған арна.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін