Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, өткен аптада жарақатты емдеу бөлімшесінің қасында талып жатқан 25-30 жастығы ер адам табылды. Ол реанимациялық бөліміне жеткізіліп, алты сағаттан соң көз жұмды.
«Ішкі құрылысын тексеру кезінде, 56 полиэтилендік капсулаға салынған героиннің бары анықталды. Олардың жалпы салмағы 96 грамды құрады. Бір капсуланың ашылуы салдарына адам өлім құшты», — деп хабарлады баспасөз хатшысы.
С. Қарақөзованың ақпараты бойынша, қазіргі кезде полиция қызметкерлері өлген адамның кім екенін анықтап жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті