«Бүгін таңертең Арғынбеков көшесіндегі жер үйде жарылыс болды. Бастапқы деректерге қарағанда, табиғи газ жарылған болуы мүмкін. Салдарынан 51 жастағы әйел мен 9 жасар қыз бала жарақат алды», — деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің ресми өкілі Павел Вишенин.
Құтқарушылардың айтуынша, жарылыс әйел газ плитаны жаққан кезде болған. Жарылыстан туындаған толқыннан әйел құлап түсіп, плитаның астында қалып қойған. Содан соң асүйдің төбесі мен қабырғасы опырылып түскен», — дейді ол.
«Жарылыстың күшті болғаны соншалық жатын бөлмеде ұйықтап жатқан 9 жасар қыз баланың денесін 2-3-дәрежелі күйік шалған», — деді П.Вишенин.
Екеуі де ауруханаға жеткізілді.