Бұл туралы Азаттыққа Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент дерегінше, 6 тамызға қараған түні Әл-Фараби ауданындағы дәмханалардың бірінен тамақтанған 11 адам уланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. "Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.